PHARMATECH KAZAKHSTAN 2025: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУҒА СЕРПІН
2025 ЖЫЛДЫҢ 21–23 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ ОҢТҮСТІК АСТАНАСЫНДА 2-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ФАРМАЦЕВТИКА ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР, ШИКІЗАТТАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» – PHARMATECH KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
Бұл көрме фармацевтикалық және оған іргелес салаларда жұмыс істейтін қазақстандық және шетелдік жетекші компанияларды бір алаңда жинайтын бірегей іс-шара болмақ. Бұл шара Қазақстанның фармацевтика секторын дамытуға, инвестициялар тартуға және инновацияларды енгізуге серпін беруге арналған маңызды драйвер болады. Көрме Алматы қаласында алғаш рет өткізілетінін атап өткен жөн.
Елдегі фармацевтика нарығының қарқынды дамуы нақты көрсеткіштермен расталады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, 2024 жылы отандық фармацевтикалық өнім өндірісінің үлесі 22%-ға артып, 171,6 млрд теңгені құраған. Соңғы 7 жылда фармацевтика саласына тартылған инвестициялар көлемі 9,5 есе өскен. 2029 жылға дейінгі Қазақстанның ұлттық даму жоспары аясында дәрілік заттардың отандық өндірісін дамыту және олардың қолжетімділігін арттыру үшін жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялар тарту, технологиялар трансферті және өндірісті жергіліктендіру бойынша шаралар қарастырылған, бұл алдағы көрменің маңыздылығын растайды.
PharmaTECH Kazakhstan көрмесі фармацевтикалық өндірістің барлық аспектілерін - кәсіпорындарды жобалау мен салудан бастап, шикізат сатып алу, дайын дәрі-дәрмектерді өндіру және олардың тасымалына дейінгі барлық мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар орау, таңбалау және сапаны бақылаудың заманауи технологияларын енгізудегі инновацияларға ерекше назар аударылады, бұл көрме фармацевтика саласының өзекті мәселелерін шешу үшін маңызды алаң болмақ.
PharmaTECH Kazakhstan 2025 көрмесінің ерекшелігі – оның 30-шы мерейтойлық халықаралық «Денсаулық сақтау» KIHE 2025 көрмесімен бір уақытта өткізілуі болмақ. Бұл ауқымды шара медицина, денсаулық сақтау және фармацевтика саласының өкілдерін біріктіріп, Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығының барлық павильондарын қамтиды. Мұндай синергия салалық мамандар үшін тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықты нығайтуға бірегей мүмкіндік береді.
Көрменің экспозициясынан бөлек, оның аясында «Қазақстанның фармацевтика саласы: сын-қатерлер және шынайылық» тақырыбында конференция өтеді. Конференция барысында спикерлер дәрілік қамтамасыз ету, өндірістегі инновациялық тәсілдер және өнімді таңбалау мәселелерін талқылайды. Бұл конференция фармацевтика саласының одан әрі дамуына арналған тиімді шешімдерді әзірлеуге ықпал ететін маңызды пікірталас алаңы болмақ.
Көрмеге қатысушылардың құрамы кеңейіп келеді, бұл жобаға халықаралық және отандық компаниялардың жоғары қызығушылығын растайды. Қазіргі уақытта Беларусь, Ұлыбритания, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Оңтүстік Корея елдерінің компаниялары өз қатысуын растады. Көрменің келушілері мемлекеттік органдардың өкілдері, фармацевтикалық компаниялар мен дәріхана желілерінің басшылары, сондай-ақ медициналық мекемелердің мамандары болады. Қатысушылар мен қонақтардың мұндай әртүрлі құрамы тәжірибе алмасу, саланың өзекті мәселелерін талқылау және серіктестік байланыстар орнату үшін бірегей жағдай жасайды.
PharmaTECH Kazakhstan – бұл жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты нығайтуға, Қазақстандағы фармацевтикалық өндірісті дамытуға инвестициялар тартуға, отандық фармацевтикалық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға, ғылыми және кадрлық әлеуетті нығайтуға, сондай-ақ отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасын кеңейтуге ықпал ететін жас әрі бірегей халықаралық көрме алаңы.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «СК-Фармация» ЖШС, Қазақстанның фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, Қазақстандағы халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы және «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығы ресми қолдау көрсетуде.
Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.