400 КОМПАНИЯ, 16 ЕЛ, 3 ПАВИЛЬОН: KIHE 2025 ЖӘНЕ PHARMATECH KAZAKHSTAN КӨРМЕЛЕРІ АЛҒАШ РЕТ АЛМАТЫДА БІР АЛАҢДА ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
БҮГІН, 21 МАМЫР КҮНІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АСТАНАСЫ – АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ІРІ САЛАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ: 30-ШЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» – KIHE 2025 КӨРМЕСІ ЖӘНЕ 2-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ФАРМАЦЕВТИКА ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР, ШИКІЗАТ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» – PHARMATECH KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІ.
Көрмелердің біріккен экспозициясы «Атакент» ҚІЫО-ның үш павильонын бірден қамтыды. Медицина, зертханалық, диагностикалық және оңалту жабдықтарының соңғы технологиялары мен әзірлемелерінен бастап заманауи дәрілік заттар, медициналық шығын материалдары, медициналық мақсаттағы бұйымдар, хирургиялық аспаптар мен медициналық қызметтерге дейінгі өнімдерін 16 елден 400 компания ұсынды. Олардың қатарында Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Мысыр, Үндістан, Италия, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Польша, Ресей, Сингапур, Түркия, Украина және Өзбекстан бар. Германия, Қытай және Өзбекстан елдері ұлттық стендтерімен қатысты. Ресей, Польша және Беларусь экспорттық орталықтары ұжымдық стендтерін таныстырды.
Көрменің статистикасы – Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен сенімді іскерлік серіктес ретіндегі беделінің айғағы: 252 компания (қатысушылардың 63%-ы) шетелдік экспоненттер.
KIHE 2025 және PharmaTECH Kazakhstan 2025 көрмелерінің бірінші күнінде ұсынылған жаңалықтар ерекше назар аударды. Іс-шара алғаш рет PharmaTECH Kazakhstan көрмесімен бірлесе өтуде, бұл медициналық және фармацевтикалық шешімдерді бір алаңда тоғыстыруға мүмкіндік береді. Ерекше мәдени екпін ретінде суретші Досбол Қасымовтың экспозицияның ашылуы өтті. Оның картиналары дәрігерлердің күнделікті өмірін көркем көзқарас арқылы жеткізеді. Технологиялық жаңалықтар қатарында жасанды интеллект қолданылған заманауи диагностикалық жабдықтар бар, олар болашақ медицинасындағы жаңа мүмкіндіктерді көрсетуде.
Жаңа жабдықтарды стендтерде таныстырумен қатар, көрме қонақтарының назарын медицина және фармацевтика салаларының дамуына қатысты маңызды мәселелерді қамтыған мазмұнды іскерлік бағдарлама аудартты. Бүгін денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар мен серіктестік мәселелерін талқылауға арналған басты алаң – Kazakhstan MedInvest Forum өз жұмысын бастады. Форумның бастамасы ретінде өткен «Қазақстанның денсаулық капиталы: инвестициялар, серіктестік, инновациялар» тақырыбындағы Пленарлық сессияның спикерлері – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Ержан Нұрлыбаев, ҚР «Ұлттық Денсаулық Сақтау Палатасы» ЖКжЗТБ Басқарма Төрағасы – Нұржан Отарбаев, IQVIA компаниясының Қазақстан және ТМД елдері бойынша өңірлік директоры – Жібек Керімбаева, «Медтроник Қазақстан» ЖШС-нің Бас директоры – Гүлжан Рүстемова, «Baiterek Venture Fund» басқарма төрағасының орынбасары – Азамат Ералин, Activat VC венчурлік компаниясының атқарушы директоры – Мейіржан Есімханов. Сессияны ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор, Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті – Вячеслав Локшин жүргізді. Пленарлық сессия спикерлер мен көрменің құрметті қонақтарының қатысуымен өткен таспаны қию салтанатымен аяқталды. Қонақтардың қатарында: ҚР Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті – Марина Дурманова, ҚР Президенті жанындағы Жоғары реформалар кеңесінің әлеуметтік сала бойынша консультативтік кеңес мүшесі – Али Нұрғожай, KIHE және PharmaTECH Kazakhstan көрмелерінің жетекшісі – Гүлзана Абдушарипова болды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова көрмеге ресми сапармен келіп, іс-шараның құрметті қонағы атанды. Оның қатысуы көрменің жоғары мәртебесін және қала күн тәртібінде денсаулық сақтау саласының маңыздылығын айқындайды.
Іскерлік байланыстарды дамыту және өз ұлттық компанияларын қолдау мақсатында KIHE көрмесіне Беларусь, Германия, Канада, Қытай, Малайзия және Ресейдің дипломатиялық миссиялары мен халықаралық іскерлік қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
Пленарлық сессия барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев өз құттықтау сөзінде: «Бұл маңызды шара медицина мен фармацевтика салаларындағы озық шешімдерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және іскерлік байланыстарды нығайтуға арналған кәсіби алаң ретінде бұрыннан белгілі. Әсіресе биыл екі көрменің қатар өтуі – медициналық жабдықтар, дәрілік заттар мен инновациялық технология жеткізушілері арасында қуатты синергиялық әсер тудырып отыр» деп атап өтті.
Іскерлік бағдарламаның бірінші күнінің кестесіне келесі панельдік сессиялар енді: «Денсаулық сақтау инфрақұрылымы: әріптестік және шешімдер» және «Медициналық туризмді дамыту: Орталық Азияның көкжиектері». Medstandard компаниясы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан елдерінің сарапшыларының қатысуымен «Тіркеудегі заманауи үрдістер: сарапшылар көзқарасы және бұл үдерістегі бизнестің рөлі» тақырыбында халықаралық сарапшылармен панельдік пікірталас өткізді. Сондай-ақ, ЛАБОФАРМА компаниясының сессиясы, Қазақстан анестезиологтар және реаниматологтар қоғамының конференциясы өтті. DNK-Технология, Виста Мед, Grand Lens Nova, АЛЬФАЛАБ ҒЗжТКЖ, KAZANADA және 103.kz компаниялары бірқатар салалық семинарлар ұйымдастырды.
Ертең, 22 мамыр күні, KIHE 2025 және PharmaTECH Kazakhstan 2025 көрмелерінің бағдарламасы мазмұнды іс-шаралар циклымен жалғасады, бұл күні фармацевтикалық саланы дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
KIHE 2025 және PharmaTECH Kazakhstan 2025 көрмелерінің бірінші күні Қазақстанда және халықаралық деңгейде денсаулық сақтау мен фармацевтиканы дамытуға кәсіби қауымдастықтың жоғары қызығушылығын көрсетті. Мазмұнды экспозициялық бөлім, қызықты іскерлік бағдарлама және саланың негізгі өкілдерінің қатысуы алдағы көрме күндеріне берік негіз жасады.
Көрмелерді Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырады.
Тіркеу серіктесі: «MEDIKER» компаниясы
Іскерлік бағдарламаның стратегиялық серіктесі: «Денсаулық сақтау талдаушылары қауымдастығы» ЗТБ
Бас ТВ-Медиа серіктесі: 1MEDTV Қазақстан телеарнасы
Көрмелерге дәстүрлі түрде ресми қолдау көрсетушілер: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы, «СК-Фармация» ЖШС, Қазақстандағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы, «Алматы қаласының медициналық туризм қауымдастығы» ЗТБ, Еуразиялық медициналық қауымдастық, ҚР Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, «Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы» ҚБ, Қазақ нейромодуляция қоғамы.
Көрмелер 23 мамырға дейін жалғасады, мамандар үшін кіру алдын ала сайтта тіркелу арқылы тегін.