3-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ФАРМАЦЕВТИКА ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР, ШИКІЗАТТАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КӨРМЕСІ
3-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ФАРМАЦЕВТИКА ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР, ШИКІЗАТТАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КӨРМЕСІ

KIHE 2025 ЖӘНЕ PHARMATECH KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕЛЕРІ АЛҒАШ РЕТ БІР АЛАҢДА ӨТЕДІ: САЛАНЫҢ БОЛАШАҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН АЛЬЯНС

2025 ЖЫЛДЫҢ 21–23 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА «АТАКЕНТ» ҚІЫО АУМАҒЫНДА ЕКІ ІРІ ІС-ШАРА ӨТЕДІ — 30-ШЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» – KIHE 2025 КӨРМЕСІ ЖӘНЕ 2-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР – PHARMATECH KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІ.

 Бұл көрмелер медициналық инновациялар әзірлеушілерін, фармацевтика саласының өкілдерін, инвесторларды, ғалымдарды, дәрігерлерді және мемлекеттік реттеушілерді біріктіреді.

Үш күн ішінде Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Египет, Үндістан, Италия, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Польша, Ресей, Сингапур, Түркия, Украина және Өзбекстан елдерінен келген 15 елдің 390-нан астам компания денсаулық сақтау саласындағы ең жаңа шешімдер мен әзірлемелерін ұсынады. Германия, Қытай және Өзбекстанның ұлттық стендтері, сондай-ақ Ресей мен Беларусь экспорттық орталықтарының ұжымдық экспозициялары қазақстандық көрме алаңындағы халықаралық қатысудың өсуін айқын көрсетеді. Германия, Италия, Ресей, Сингапур, Түркия, Өзбекстан, Қытай және отандық өндірушілер мен жеткізушілер көрмеде алғаш рет қатысатын болады.

9, 10 және 11 павильондарда медициналық, зертханалық, диагностикалық және оңалту жабдықтарының жаңа үлгілері, заманауи дәрілік заттар, шығын материалдары, медициналық мақсаттағы бұйымдар, хирургиялық құралдар, фармацевтикалық логистика шешімдері мен медициналық қызметтер ұсынылады. Көрмеде алғаш рет әзірлеушілер жасанды интеллектпен интеграцияланған диагностикалық шешімдерді, роботтандырылған хирургиялық жүйелерді, сондай-ақ клиникаларды жарақтандыруға арналған жоғары дәлдіктегі құралдарды ұсынады.

Жаңа әзірлемелерді таныстырудан бөлек, көрмеге келушілерді бағалы жүлделердің ұтыс ойындары мен қатысушы компаниялардың стендтеріндегі тегін диагностика күтеді, бұл көрмені пайдалы ғана емес, сонымен қатар интерактивті етеді. Абсолютті премьера ретінде – мемлекеттік марапаттардың иегері, танымал қазақстандық суретші және дизайнер Досбол Қасымовтың көркемөнер көрмесі ұсынылады. Шебердің жүрекке жетерлік әрі нұрлы жұмыстары қазақстандық дәрігерлердің өмірі мен күнделікті тұрмысын бейнелейді.

KIHE 2025 және PharmaTECH Kazakhstan 2025 көрмелерінің жоғары мәртебесін ұсынылған экспозицияның ауқымымен қатар, салалық конференциялар, мастер-класстар, семинарлар мен инновацияларды таныстырулар қамтылған іскерлік бағдарлама да дәлелдейді. 21 мамырдағы басты іс-шара – «Қазақстан денсаулығының капиталы: инвестициялар, әріптестік, инновациялар» тақырыбындағы пленарлық отырыспен ашылатын Kazakhstan MedInvest Forum болады. Одан әрі панельдік пікірталастар, медициналық туризмге арналған сессия және Қазақ анестезиологтар мен реаниматологтар қоғамының конференциясы өтеді. Сондай-ақ, дәл осы күні ДНК-Технология, Виста Мед, Grand Lens Nova, АЛЬФАЛАБ ҒЗТКЖ, KAZANADA және 103.kz компанияларының семинарлар сериясы өтеді.

22 мамырда негізгі конференциялар өтеді, оның ішінде: «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласы: шынайылық және даму перспективалары» және денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының конференциясы. Сонымен қатар шеберлік сабақтары өтеді, ал ITCO MED, STERIMED, 4clinic, Asia Medical Partners, ZYBIO Inc. және WELLGO компаниялары беделді сарапшылардың қатысуымен практикалық семинарлар өткізеді.

23 мамырда қатысушылар NASCO Healthcare Inc., МедРокет және Лаборфарма компанияларының қазіргі заманғы медицина технологияларына арналған семинарларына қатыса алады.

Байер бағдарламасы аясында Алматы қаласына Қазақстан мен Қырғызстан өңірлерінен сатып алушылар мен медициналық мамандардың делегациялары келеді. Қатысушылар үшін бұл – тікелей келіссөздер жүргізуге, келісімшарттар жасауға және озық шешімдерді тәжірибеге енгізуге тамаша мүмкіндік. Тікелей кәсіби диалогтың ерекше атмосферасын Медиа-корнер қамтамасыз етеді. Онда Қазақстанның алғашқы медициналық телеарнасы — 1MEDTV.KZ көрменің және іскерлік бағдарламаның басты оқиғаларын жариялап, эфирлер, саланың көшбасшыларымен сұхбаттар мен Expert Talks өткізетін өткізеді.

KIHE 2025 және PharmaTECH Kazakhstan 2025 көрмелерін өткізу Қазақстанды алдыңғы қатарлы технологияларды көрсетуге арналған тұрақты платформа ретінде ғана емес, сонымен қатар Еуразиядағы инвестициялық тартымды өңір ретіндегі орнын күшейтетінін де айғақтайды.

Биылғы KIHE көрмесінің тіркеу серіктесі — 25 жылдық қарқынды және тұрақты даму тәжірибесі бар Қазақстандағы ең ірі жекеменшік медициналық компания «MEDIKER». Іскерлік бағдарламаның стратегиялық серіктесі — «Денсаулық сақтау талдаушылары қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі. Бас теле-медиа серіктесі — 1MEDTV Қазақстан телеарнасы.

Іс-шараға ресми қолдау көрсеткендер: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «СК-Фармация» ЖШС, ҚР халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы, «Алматы қаласының медициналық туризм қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, Еуразиялық медициналық қауымдастық, ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, «Қазақ анестезиологтар мен реаниматологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Қазақ нейромодуляция қоғамы.

Көрменің ұйымдастырушысыҚазақстандық ITECA көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.