KIHE 2025 ЖӘНЕ PHARMATECH KAZAKHSTAN 2025 БҰЛ — ҮШ КҮНДІК МАЗМҰНДЫ ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМА МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПІКІРТАЛАСТАР
2025 ЖЫЛДЫҢ 21–23 МАМЫРЫ АРАЛЫҒЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ӨКІЛДЕРІ 30-ШЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» – KIHE 2025 КӨРМЕСІ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПКЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР, ШИКІЗАТ ПЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН 2-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – PHARMATECH KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІ АЯСЫНДА ЖИНАЛАДЫ. ІС-ШАРАЛАР «АТАКЕНТ» ҚІЫО-ДА 9, 10 ЖӘНЕ 11 ПАВИЛЬОНДАРЫНДА ӨТЕДІ.
Медицина мен фармацевтика салаларындағы озық жетістіктер мен инновациялық әзірлемелерін 380-нен астам компания өз стендтерінде ұсынады. Көрмеге Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Египет, Үндістан, Италия, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Польша, Ресей, Сингапур, Түркия, Украина және Өзбекстан елдерінен қатысушылар келеді. Германия, Қытай және Өзбекстан өндірушілері мен дистрибьюторлары ұлттық павильондар құрамында қатысады, ал Ресей мен Беларусь экспорттық орталықтары бірлескен экспозициялар ұсынады. Сала дамуына деген қызығушылықтың артуы көрме қатысушылары тізімінің тұрақты кеңеюінен көрініс табады: жыл сайынғы экспоненттермен қатар, өз өнімдерін алғаш рет таныстыратын жаңа компаниялар да қосылады.
KIHE 2025 және PharmaTECH Kazakhstan 2025 көрмелерінің үш күнінде қатысушыларды медициналық және фармацевтикалық салалардың дамуы бойынша маңызды мәселелерді қамтитын мазмұнды іскерлік бағдарлама күтеді. Үш конференц-залда бір мезгілде пленарлық сессиялар, панельдік пікірталастар, жаңа технологиялар мен жабдықтар таныстырылымдары, мастер-класстары мен оқыту семинарлары өтеді.
21 мамырда Kazakhstan MedInvest Forum өз жұмысын бастайды — бұл денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар мен әріптестікті дамыту мәселелерін талқылауға арналған басты іс-шара. Форум «Қазақстан денсаулығы капиталы: инвестициялар, әріптестік, инновациялар» атты пленарлық сессиямен ашылады, оның аясында сарапшылар инвестиция көздері, инвестициялық ахуал, ЕАЭО-ға интеграция, қаражат тартудың практикалық аспектілері және «ақылды» инвестицияларды дамыту перспективаларын қарастырады.
Бағдарлама «Денсаулық инфрақұрылымы: әріптестік пен шешімдер» атты панельдік пікірталасымен жалғасады, онда медициналық инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің рөлі қарастырылады. Сонымен қатар «Медициналық туризмді дамыту: Орталық Азия көкжиектері» сессиясы өтеді, онда Қазақстанның өңірлік медициналық туризм орталығы ретіндегі әлеуеті талқыланады. Сол күні Medstandard компаниясының халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін «Тіркеудегі заманауи үрдістер: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан сарапшыларының көзқарасы және бұл үдерістегі бизнестің рөлі» атты панельдік пікірталасы, Қазақстан анестезиологтар және реаниматологтар қоғамының конференциясы, сондай-ақ ДНК-Технология, Виста Мед, Grand Lens Nova, АЛЬФАЛАБ НИОКР, KAZANADA және 103.kz компаниялары ұйымдастыратын тәжірибелік семинарлар сериясы өтеді.
22 мамырда KIHE 2025 және PharmaTECH Kazakhstan 2025 көрмелерінің бағдарламасы мазмұнды іс-шаралар циклымен жалғасады. Бұл күні фармацевтикалық саланы дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады. Күннің басты оқиғасы — «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласы: шынайылық және даму перспективалары» атты пленарлық сессия болмақ. Одан кейін дәрілік қамтамасыз ету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды реттеу, дәрі-дәрмек таңбалау жүйесін енгізу мәселелеріне арналған салалық сессиялар өтеді. Сонымен қатар, екінші конференц-залда «МӘМС тарифтік саясаты» атты стратегиялық сессия, денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының конференциясы, сондай-ақ «Сақтандыру: тәуекелдер мен жүйелер синергиясы» тақырыбындағы панельдік пікірталас өтеді. Күн барысында ITCO MED, STERIMED, 4clinic, Asia Medical Partners, ZYBIO Inc. және WELLGO сияқты жетекші компаниялардың тәжірибелік семинарлары ұйымдастырылады. Қатысушылар бұл іс-шараларда қолданбалы білім алып, соңғы технологиялық шешімдермен таныса алады.
23 мамырда, көрмелердің соңғы күнінде, бағдарлама өз практикалық бағытын жалғастырады. Қатысушылар үшін NASCO Healthcare Inc., МедРокет және Лаборфарма компаниялары өткізетін заманауи медициналық технологияларға, пациенттік тәжірибемен жұмыс істеуге және зертханалық диагностика шешімдеріне арналған семинарлар өтеді.
KIHE 2025 және PharmaTECH Kazakhstan 2025 көрмелері аясындағы ауқымды іскерлік бағдарламаның өткізілуі бұл көрмелердің медицина мен фармацевтиканы дамытуға арналған стратегиялық алаң ретіндегі маңызын айқындайды. Екі саланың бір алаңда тоғысуы білім алмасу, инновацияларды көрсету және тиімді серіктестік орнату үшін бірегей мүмкіндіктер жасайды. Өндірушілерді, дистрибьюторларды, ғылым, медицина және фармацевтикалық бизнес өкілдерін біріктіре отырып, көрмелер кәсіби қауымдастықты нығайтуға, жаңа технологияларды енгізуді жеделдетуге және Қазақстан мен Орталық Азиядағы денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға ықпал етеді.
Көрмелер аясындағы іскерлік бағдарламада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, қалалық және облыстық денсаулық сақтау басқармалары, салалық қауымдастықтар, даму қорлары, инвестициялық, сақтандыру және IT компаниялары, сондай-ақ медициналық орталықтар, клиникалық ауруханалар, фармацевтикалық, өндірістік және сауда компанияларының басшылығының өкілдері бар 80-нен астам спикердің сөз сөйлеуі жоспарланған.
KIHE көрмесінің тіркеу серіктесі – «MEDIKER» компаниясы, өз клиенттеріне жоғары кәсіби медициналық қызмет пен сапалы сервисті ұсынады. «MEDIKER»-дің басты қағидаттары – клиентке бағытталған қызмет, кәсібилік, жоғары сапа және қауіпсіздік. MEDIKER — Қазақстандағы ең ірі жекеменшік медициналық компания және 25 жылдық қарқынды дамуы бар саланың мойындалған көшбасшысы. Компания еліміздің барлық өңірлерін қамтитын өзінің медициналық орталықтарының кең желісіне ие. MEDIKER — медициналық ассистанс пен өндірістік медицина саласындағы танымал көшбасшы.
Іскерлік бағдарламаның стратегиялық серіктесі – «Денсаулық сақтау аналитиктері қауымдастығы» қауымдастығы нысанындағы ЗТБ. Бас ТВ-медиа серіктесі – 1MEDTV Қазақстан телеарнасы.
Көрмелер барысында қатарынан екінші жыл бойы медиа-корнер жұмыс істейді, онда 1MEDTV.KZ бірінші медициналық арнасы нақты уақыт режимінде көрменің және іскерлік бағдарламаның маңызды оқиғаларын жариялайды, эфирлер, сұхбаттар мен Expert Talks өткізеді. Сарапшы ретінде Қазақстандағы медицина саласының жетекші өкілдері, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері шақырылған.
Іс-шараға ресми қолдау көрсеткендер: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «СК-Фармация» ЖШС, ҚР халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы, Алматы қаласының медициналық туризм қауымдастығы, Еуразиялық медициналық қауымдастық, ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, «Қазақ анестезиологтар мен реаниматологтар қоғамы» ҚБ (КОАР), Қазақ нейромодуляция қоғамы.
Көрменің ұйымдастырушысы – Қазақстандық ITECA көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.
Толығырақ ақпаратты www.kihe.kz сайтынан алуға болады.