2-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ФАРМАЦЕВТИКА ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР, ШИКІЗАТТАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КӨРМЕСІ

ҚазаН 2024 ЖЫЛ

2-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ФАРМАЦЕВТИКА ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР, ШИКІЗАТТАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КӨРМЕСІ

ҚазаН 2024 ЖЫЛ

“GLOBAL PHARM” ФОРУМЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ASTANA ZDOROVIE 2021 КӨРМЕСІНДЕ

Нұр-Сұлтан қаласында денсаулық сақтау бойынша 17-ші Қазақстандық халықаралық Astana Zdorovie 2021 көрмесін өткізуге екі ай қалды. Ең заманауи медициналық, зертханалық жабдықтарды, шығыс материалдарын, дәрілік препараттарды, медициналық мақсаттағы тауарлар мен медициналық қызметтерді көрсетуден бөлек, экспозиция жұмыс істейтін 27-29 қазан күндері аралығында көрмеге қатысушылар мен келушілерді мазмұнды іскерлік бағдарлама күтеді.

Көрменің бірінші күнінің бағдарламасы бүгінгі күні сала өндірушілердің алдына қойып отырған сын-тегеуріндерге сәйкес медициналық жабдықтар нарығының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылауға арналады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация» ЖШС «MedTech» халықаралық форумын өткізеді. Қатысушылар Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен қамтамасыз ету жүйесінің ағымдағы жағдайын, тіркеу және сараптама мәселелерін, инновациялық трендтерді, Қазақстан аумағындағы келісімшарттық өндіріс мүмкіндіктерін талқылайды.

Іскерлік бағдарлама кестесінде коронавирустық инфекцияның алдын алу, емдеу және диагностикалау мәселелері бөлек орын алады. 27 қазанда Зертханалық медицина федерациясы ұйымдастыратын «Короновирустық инфекцияның зертханалық диагностикасы» конференциясы өтеді. Конференцияның негізгі тақырыптары эпидемиологиялық қауіпсіздік және COVID-19 жағдайында зертхана қызметкерлерін қорғау болады. Конференцияға қатысуға денсаулық сақтау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың қазақстандық және шетелдік өкілдері, клиницист-ғалымдар, зертханалық қызмет саласындағы мамандар мен зерттеушілер шақырылған. 

28 қазанда конференция өз жұмысын Ресей мамандарының қатысуымен өтетін «Короновирустық инфекция пандемиясының сабақтары» семинар форматында жалғастырады. Екі іс-шара да КВИ тудыратын қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың жетістіктерін,  мәселелер мен олардың ықтимал  шешімдерін қарастыруға көмектеседі. Спикерлер қазіргі жаһандық эпидемиологиялық жағдайды сипаттайды, COVID-19 пандемиясымен байланысты сабақтар мен өзекті мәселелерге шолу жасайды және КВИ диагностикасының инновациялық тәсілдері мен тиімді әдістерімен, пандемия жағдайында кешенді зертханалық диагностика мүмкіндіктерімен бөліседі.

28 қазанда көрме аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация» ЖШС ұйымдастырған «GLOBAL PHARM» I Халықаралық фармацевтикалық форумы өтеді. Өзін-өзі оқшаулау және карантин кезеңі фармацевтика индустриясы үшін қиын кезең болды. Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда фармацевтика өнеркәсібінде 96 кәсіпорын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, оның ішінде дәрілік заттар өндірісі бойынша – 33, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі бойынша - 22 және медициналық техника – 41, дәрілік заттар өндірісі бойынша - 33 өндіруші жүзеге асырған. 2015 жылдан бастап Қазақстандағы фармацевтика өндірісі оң динамиканы ғана көрсетіп отыр, ал 2020 жылы отандық фармацевтика өнеркәсібі соңғы бес жылда рекордтық даму қарқынын көрсетті. Өндірілген өнім көлемі 1,5 есеге, 138 млрд теңгеге дейін өсті. Пандемия жағдайында дәрі-дәрмектерге деген сұраныстың артуы отандық кәсіпорындарды жаңа тапсырыстармен қамтамасыз етіп қана қоймай, дәрі-дәрмектер импортының өсуіне де әсер етті. Әрине,  қалыптасқан жаңа жағдайларда фармацевтика саласының мамандары өзара талқылайтын нәрселер баршылық. Форум сессиялық отырыстар мен тақырыптық  дөңгелек үстелдер форматында өтеді. Бағдарламада салалық министрліктер мен қауымдастықтар өкілдерінің, bigpharma компаниясы басшылығының, отандық фарм. зауыттар өкілдерінің, сондай-ақ логистика мен сақтауды, буып-түю мен таңбалауды, track and trace жүйесін қоса алғанда, ілеспе салаларда жұмыс істейтін компаниялар өкілдерінің  сөз сөйлеулері жоспарланған.

Форум елдегі фармацевтикалық өндірісті дамытуға мемлекеттік және жеке инвестицияларды тартуға, отандық фармацевтикалық өнімнің экспорттық әлеуетін ұлғайтуға, ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыруға ықпал етеді.

Astana Zdorovie 2021 көрмесі Қазақстанның өңірлерінен ғана емес, жақын және алыс шетелдерден де кең кәсіби аудиторияны қатысуға тартуға мүмкіндік береді, бұл пандемия кезеңінде медицина саласының инновациялары мен мүмкіндіктерін қолдану бойынша тиімді тәжірибе мен практикалық кейстермен алмасуға ықпал етеді.

Көрменің ұйымдастырушысы Iteca компаниясы болып табылады.

Astana Zdorovie көрмесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілдігінің, «СК-Фармация» ЖШС, «Қазақстан ФармМед Индустриясы» Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығының, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының қолдауымен өткізіледі.