5 600-ДЕН АСТАМ КӘСІБИ КЕЛУШІ ЖӘНЕ 24 ЕЛДЕН 400 КОМПАНИЯ: KIHE, PHARMATECH KAZAKHSTAN ЖӘНЕ VISIONCARE КӨРМЕЛЕРІНІҢ БИЫЛҒЫ ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2026 ЖЫЛҒЫ 20–22 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АТАКЕНТ» ҚІЫО АУМАҒЫНДА САЛАНЫҢ БІРДЕН ҮШ АУҚЫМДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ — 31-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» KIHE 2026 КӨРМЕСІ, 3-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ФАРМАЦЕВТИКА ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР, ШИКІЗАТ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» PHARMATECH KAZAKHSTAN 2026 КӨРМЕСІ ЖӘНЕ 1-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ОПТИКА – ОПТОМЕТРИЯ – ОФТАЛЬМОЛОГИЯ» VISIONCARE 2026 КӨРМЕСІ.
Үш күн ішінде көрмелер кәсіби қауымдастық өкілдерін біріктіріп, жалпы саны 5 616 бірегей келушіні қабылдады. Қатысушылар іс-шараның серіктестік байланыстар орнатудағы жоғары әлеуетін ерекше атап өтті: «Көрмеге шамамен 2014 жылдан бері келіп жүрмін, сондықтан оның даму қарқынын бақылауға мүмкіндік бар. Қазақстан нарығы үшін бұл жаңа серіктестер табуға және кәсіби байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретін өте жақсы алаң», – деп өз пікірімен MEDITOR компаниясының атқарушы директоры Мерей Елубаева бөлісті.
Көрмелерге Австралия, Беларусь, Бельгия, Германия, Дания, Египет, Үндістан, Италия, Қазақстан, Қытай, Латвия, БАӘ, Польша, Ресей, Словакия, АҚШ, Түрікменстан, Түркия, Украина, Өзбекстан, Франция, Чехия, Швейцария және Оңтүстік Кореяны қоса алғанда, 24 елден 400 компания қатысты. Қазақстан атынан 110 компания ұсынылса, тағы 287 қатысушы шетелден келді. Бұл көрме алаңының жоғары халықаралық мәртебесін тағы бір мәрте растады.
Қатысушылардың ерекше назарын Беларусь, Германия, Қытай, Ресей, Өзбекстан және Чехияның ұлттық экспозициялары, сондай-ақ жетекші экспорттық ұйымдар мен өңірлік бірлестіктердің ұжымдық стендтері аударды. Олардың қатарында «Ресей экспорттық орталығы» Автономды коммерциялық емес ұйым, «Ямалда жасалған» экспозициясы, Ямал-Ненец автономиялық округі, Мәскеу экспорттық орталығы, сондай-ақ Рязань және Калуга облыстарының компаниялары мен ұйымдары болды.
2026 жылдың маңызды жаңалықтарының бірі KIHE, PharmaTECH Kazakhstan және VisionCare көрмелерінің алғаш рет бірлесіп өткізілуі болды. Бұл денсаулық сақтау саласының өзара байланысты бағыттарын біріктіріп, кешенді салалық экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік берді. Тағы бір маңызды бастама ретінде Алматы қаласы Клиникалар қауымдастығы мен Қазақстандық медицина университеті – ҚДСЖМ бірлесіп ұйымдастырған медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған Job Fair бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл жас мамандардың кәсіби дамуы мен жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу үшін қосымша мүмкіндіктер ашты.
Көрмелердің іскерлік бағдарламасы дәстүрлі түрде кәсіби диалог пен саланы дамытудың стратегиялық мәселелерін талқылаудың негізгі алаңына айналды. 20 мамыр күні заманауи оңалту мәселелері мен Қазақстандағы осы бағыттың даму перспективаларына арналған Rehab Kazakhstan 2026 форумы өтті. Пленарлық сессия барысында қатысушылар «Реабилитация Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жаңа векторы ретінде» тақырыбын талқылады. Талқылау «ХФЖ ағидаттарына сәйкес кешенді реабилитацияның заманауи әдістері: жаттығу терапиясынан протездеуге дейін, спорттық, операциядан кейінгі және нейромеханикалық практика» атты панельдік пікірталаспен жалғасты. Сондай-ақ «Реабилитациядағы жабдықтар мен технологиялар: клиникалық тиімділік жне емдеудің жаңа әдістері» атты кейс-сессия өтті.
Осы күні фармацевтикалық нарық өкілдерін, мемлекеттік құрылымдар мен бизнесті біріктірген Pharma Dialogue: Kazakhstan 2026 іскерлік алаңы да ұйымдастырылды. «Фармацевтикалық нарық 2026: жүйенің тұрақтылығы, локализация және реттеудің жаңа модельдері» атты пленарлық сессия барысында саланы дамытудың негізгі бағыттары айқындалды. Стратегиялық талқылаулар «Қазақстанның фармацевтикалық нарығы 2026: ҚҚС, инвестициялар, экспорт және индустриялық инфрақұрылым» және «Цифрлық фарма 2026: басқару, ашықтық және дәрілік қамтамасыз ету» сессиялары аясында жалғасты.
Бірінші күн бағдарламасын ALGIMED, Гемакор, БАУФАРМ, ЭндоЭкоМед, Yuwell, CITY PHARM, LABTECHNOLOGY, WELLGO Logistics Kazakhstan, LEORA, Endo Star және Электронтест компанияларының мамандандырылған семинарлары толықтырды. Компаниялар практикалық шешімдер мен инновациялық әзірлемелерін ұсынды.
21 мамыр күні іскерлік бағдарлама II Қазақстанның денсаулық сақтау менеджерлерінің форумымен жалғасты. Форум барысында саланы стратегиялық басқару мәселелері талқыланды. Негізгі тақырыптар қатарында «Денсаулық сақтау жүйесі 2026: мемлекеттің стратегиясы және басқарушылардың рөлі» атты пленарлық сессия, «Денсаулық сақтауды басқарудағы ЖИ және деректер: деректерге негізделген ауруханадан цифрлық шешімдерге дейін» атты кейс-сессия, сондай-ақ «Абай болыңыз: медициналық маркетинг! Этика, шекаралар және пациент жолы» атты пікірталас болды.
Саланы дамытудың стратегиялық мәселелері талқыланғаннан кейін қатысушылардың ерекше назарын денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы мен болашағын қалыптастырудағы әйелдердің рөліне арналған «Women in Healthcare: көшбасшылық, тұрақтылық және денсаулық сақтау жүйесінің болашағы» атты панельдік пікірталас аударды. Іс-шарада БҰҰ Әйелдер құрылымының Орталық Азия үйлестіру кеңсесінің басшысы Джерен Гювен Гюрэс бейнеүндеу жасап, әйелдердің саланы дамытуға қосқан елеулі үлесін және олардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтудің маңыздылығын атап өтті: «Әйелдер бүгінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің негізін құрайды: қазіргі таңда дәрігерлердің шамамен 70–72%-ын және орта медициналық персоналдың 94%-ына дейінгі бөлігін әйелдер құрайды. Келесі қадам айқын — әйелдер жүйенің негізі ғана емес, оның көшбасшылары болуы, шешімдер қабылдап, болашақ денсаулық сақтау жүйесінің архитектурасын қалыптастыруы тиіс». Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да арнайы бейнеүндеу жолдап, әйелдердің денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы үлесін және олардың кәсіби әрі көшбасшылық әлеуетін ашудың маңыздылығын атап өтті: «Қазақстанда медицина қызметкерлерінің 83%-ын әйелдер құрайды — бұл 28 мыңнан астам дәрігер және шамамен 170 мың орта буын медицина қызметкері. Бұл көрсеткіштердің артында жоғары кәсібилік, зор жауапкершілік және күнделікті қажырлы еңбек тұр. Сондықтан әйелдерді қолдау, тең мүмкіндіктер жасау және олардың көшбасшылық әлеуетін дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала береді». Сессия барысында айтылған үндеулер саланы дамытудың ортақ бағытын айқындады: әйелдер қазірдің өзінде денсаулық сақтау жүйесінің қозғаушы күші болып табылады, ал олардың көшбасшылық ұстанымдарын одан әрі нығайту денсаулық сақтау саласының тұрақтылығының, тиімділігінің және ұзақ мерзімді трансформациясының маңызды шартына айналуда.
Сонымен қатар, оптика саласын дамытуға арналған «Қазақстандағы көру және оптика нарығы» атты мамандандырылған бағдарлама өтті. Пленарлық сессия барысында қатысушылар «Қазақстанның оптикалық нарығы 2026: саясат, экономика, сапа стандарттары және цифрлық шешімдер» тақырыбын талқылады. Ал Actual Optic компаниясы «27 жыл биікте: бәсекелестері жоқ нишаны қалай құруға болады» атты семинар аясында өзінің практикалық тәжірибесін ұсынды.
22 мамырдағы қорытынды күн кәсіби медициналық күн тәртібіне арналды. Негізгі назар Қазақ анестезиологтар мен реаниматологтар қоғамы ұйымдастырған «Қарқынды терапия және анестезиология: өзекті мәселелер мен инновациялық технологиялар» атты сессияға аударылды.
Көрмелер Алматы қаласының медицина, фармацевтика және медициналық технологиялар салаларындағы халықаралық кәсіби диалогтың негізгі алаңы ретіндегі мәртебесін тағы да растады. Олар саланың инновацияларға, пәнаралық ынтымақтастыққа және Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға арналған бірлескен шешімдерді іздеуге жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетті. Іс-шаралардың жоғары ұйымдастырылу деңгейі келушілерді келесі жылы да қатысуды жоспарлауға ынталандырады: «Мұндай көрмелер медициналық саланың түрлі бағыттарындағы мамандар тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылап, жаңа үрдістермен таныса алатын маңызды кәсіби алаңға айналып отыр. Осындай іс-шаралардың елімізде өткізіліп жатқанына өте қуаныштымын және енді көрмеге тұрақты түрде қатысуды жоспарлап отырмын», – деп Amarants компаниясының директоры Елена Зимина бөлісті.
Көрмелер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «СК-Фармация» ЖШС, ҚР Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы, Алматы қаласы медициналық туризм қауымдастығы, Еуразиялық медициналық қауымдастық, ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы, Қазақ нейромодуляция қоғамының ресми қолдауымен өткізілді.
Іскерлік бағдарламаның стратегиялық серіктестері: Қазақстан реабилитологтары мен курортологтардың ассоциациясы, Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығы, Qaz.AI жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы, PERSONA Clinic, KMC Group, INTERNA Clinic.
Бас медиа серіктес – 1MEDTV Kazakhstan телеарнасы.
Rehab Kazakhstan конференциясының қола серіктесі – «Еуропалық медициналық орталық» АҚ.
VisionCare көрмесінің фотозона серіктесі – LUCY көз клиникасы.



