3-я Казахстанская Международная выставка «Оборудование, сырье и технологии для фармацевтической промышленности»
3-я Казахстанская Международная выставка «Оборудование, сырье и технологии для фармацевтической промышленности»

СҚ-Фармация» трансплантациядан кейінгі науқастарды дәрі-дәрммекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруде

Бірыңғай дистрибьютор трансплантациядан кейінгі науқастарды өмірлік маңызды препараттармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін сатып алу және жоспарлау процесстерін оңтайландыруда.

В ТОО СК ФАРМАЦИЯ НАЗНАЧЕН НОВЫЙ РУКОВОДИТЕЛЬ 68

«СҚ-Фармация» басшылығы мен ҚР ДСМ штаттан тыс бас нефрологы Салтанат Тұғанбекованың кездесуінде бүйрек трансплантациясынан өткен пациенттерді қолдау мәселелері талқыланды.

Негізгі фактілер:

  1. Алмастыруға жол берілмейді: Нормативтік актілерге сәйкес, трансплантациядан кейін науқастарға өмір бойы тек бір өндірушінің дәрілері берілуі керек. Дәрілерді аналогтармен (дженериктермен) алмастыру трансплантаттың қабылданбау қаупін тудырады.
  2. Жүйелі жоспарлау: Медициналық ұйымдарға жыл бойына жоспарланған операцияларды ескере отырып, қажеттілікті алдын ала тапсырыс беру жүктелді. Бұл жаңадан анықталған науқастардың емдеуді үзіліссіз бастауына мүмкіндік береді.
  3. Төмендемейтін қор: 2025 жылы алғаш рет 21 млрд теңге сомасына төмендемейтін дәрі-дәрмек қоры жасалды. Бұл халықтың қажеттілігін 2–3 айға алдын ала жабуға және тапшылықты болдырмауға көмектеседі.
  4. Тиімділік: Сатып алу процедураларын реинжинирингтен өткізу нәтижесінде мерзімдер 34%-ға қысқарды. 2025 жылы трансплантациядан кейінгі терапияға 3,59 млрд теңге бөлінді.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС баспасөз қызметі

  • Создано .