2-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ФАРМАЦЕВТИКА ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР, ШИКІЗАТТАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КӨРМЕСІ

ҚазаН 2024 ЖЫЛ

2-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ФАРМАЦЕВТИКА ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР, ШИКІЗАТТАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КӨРМЕСІ

ҚазаН 2024 ЖЫЛ

РЕСМИ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗДЕРІ 2022

 

Е. С. Искалиев , «СК-Фармация» ЖШС  Басқарма Төрағасы                                                                           

                 Құрметті қатысушылар!

«СҚ-Фармация» ЖШС атынан «Фармацевтика өнеркәсібіне арналған жабдықтар, шикізат және технологиялар» - PharmaTECH Kazakhstan 2022 1ші Қазақстандық Халықаралық көрмеге қош келдіңіздер!

Қазақстанда алғаш рет фармацевтика саласындағы жоба ұйымдастырылды, ол фармацевтикалық кәсіпорындар үшін кешенді шешімдер ұсынатын отандық және шетелдік компанияларды; буып-түю және таңбалау жабдықтарын, шикізат пен ингредиенттерді өндірушілер мен жеткізушілерді біріктіреді.

Фармацевтика - айтарлықтай инвестицияларды, инновациялық технологияларды жасауды және қолдануды, ғылымды дамытуды және білікті кадрлар даярлауды талап ететін күрделі технологиялық процесс және ғылымды қажетсінетін сала.

«СК-Фармация» ЖШС отандық өндірушілермен жасасатын ұзақ мерзімді келісімшарттар соңғы әзірлемелер мен технологияларды енгізе отырып, өндірісті дамытуға және азаматтарды сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша отандық фармацевтикалық өнім өндірушілердің үлесі 21-22% - ға жетті, 2023-2024 жылдары индустриялық аймақта үш фармацевтикалық кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда. Біздің ортақ мақсатымыз - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2025 жылға қарай отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының үлесін 50% - ға дейін арттыру.

Көрме шеңберіндегі іскерлік бағдарлама «MedTech» медициналық техника жөніндегі II Халықаралық форумды және «Global Pharm» II Халықаралық фармацевтикалық форумды қамтиды. Бұл форумдар отандық фармацевтиканы дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі стратегиялық мақсаттарды іске асыру үшін билік, бизнес және ғылыми орта өкілдерін бір алаңда біріктіреді.

Көрме мен форумдардағы бірлескен жұмыс барлық құрылымдардың өкілдері арасында ашық диалогқа және фармацевтика саласындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін.

Барлық қатысушылар мен қонақтарға өнімді жұмыс, пайдалы байланыстар және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді тілеймін!